23.04.2013, 16:23 3514

Кенияда сусиыр қытайлық турист әйелді өлтіріп қойды

Шанхайдан келген қытайлық әйел туристік топқа қосылып Кения астанасы Найробиден 90 шақырым жердегі Найваша көлін тамашалауға кеткен. 21-сәуір күні кешке мейрамханадан қонақ үйге баратын жолда оны сусиыр бас салған. Ол ауруханаға жеткізілгенмен, көп қан жоғалтуы себепті қаза болған.

Астана. 23-сәуір. Kazakhstan Today - Кенияда сусиыр қытайлық турист әйелді өлтіріп қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кенияда сусиырдың шабуыл жасауы салдарынан қытайлық турист әйел қаза болды, деп хабарлады сейсенбіде қытайлық БАҚ.

Шанхайдан келген қытайлық әйел туристік топқа қосылып Кения астанасы Найробиден 90 шақырым жердегі Найваша көлін тамашалауға кеткен. 21-сәуір күні кешке мейрамханадан қонақ үйге баратын жолда оны сусиыр бас салған. Ол ауруханаға жеткізілгенмен, көп қан жоғалтуы себепті қаза болған.

Сейсенбіде Кениядағы ҚХР елшілігі бұл фактіні растады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны