16.04.2007, 09:53 1330

Кентауда нөсер салдарынан бірнеше кәсіпорынның аумағы, 200-дей жер үй мен шаруашылық жайлары су ішінде қалды

АСТАНА. 16-сәуір. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласында нөсер салдарынан бірнеше кәсіпорынның аумағы, 200-дей жер үй мен шаруашылық жайлары су ішінде қалды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Кентауда 10-сәуір күні 24-наурыздан бері екі аптаға созылған нөсер салдарынан қала ішінде бұрындары қазылған ұңғылар мен су асты көздерінен келетін су көлемі ұлғайған. Жер асты суының деңгейі ең жоғарғы көрсеткіш - 444,3 метрге жетті.

Соның салдарынан "Кентау трансформатор зауыты" АҚ, "Экскаватор" АҚ, "Южполиметалл" ӨК АҚ базасы, сондай-ақ, 200-дей тұрғын үй мен шаруашылық жайлары су ішінде қалды.

15-сәуір күнгі 18 сағаттағы жағдаймен жер асты суларының деңгейі өзгеріссіз қалды. Кентау қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының зілзала зардаптарын жою жөніндегі отырысы өтті. Мерғалым кен орнында су он насоспен сорғызып алынуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны