21.02.2011, 12:34 3641

Киев маңында жолаушылар автобусы мен қазақстандық жүк көлігі соғылды

Киев маңында жолаушылар автобусы мен қазақстандық жүк көлігі соғылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 21 - ақпан. Kazakhstan Today - Киев маңында жолаушылар автобусы мен қазақстандық жүк көлігі соғылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Украинада Киев маңында жолаушылар автобусы мен қазақстандық жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 10 адам әртүрлі деңгейде жарақат алды, деп жазады unian.net.

Астаналық жол полициясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты түнде болған.

Алдын ала жасалған болжамдарға сүйенсек, Ирпень - Киев бағыты бойынша келе жатқан микроавтобустың жүргізушісі ауа райының қолайсыздығынан жүк көлігімен соқтығысқан. Автобустың 27 жолаушысының 10-ы жарақаттанып, ауруханаға жеткізілген.

Жол полициясының хабарлауынша, жүк көлігі Қазақстандық кәсіпорындардың біріне тиесілі. Көлік тізгінін ұстаған да Қазақстан азаматы.

Бұрын хабарлағанымыздай, ауа райының қолайсыздығынан Астана - Петропавл тас жолында болған көлік апатында 17 көлік соқтығысқан болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны