02.12.2008, 10:00 1453

Қырғызстан мен Қытай шекарасында қуаты 4 балл жер сілкінісі болды

Қырғызстан мен Қытай шекарасында қуаты 4 балл жер сілкінісі болды

Бішкек. 2 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан мен Қытай шекарасында 1 желтоқсанда қуаты 4 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мекеме ақпаратына сәйкес, сілкініс ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында - Нұра ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай бес шақырым және Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 140 шақырым жерде болған.

"Нұра ауылында қуаты 3,5 балл жер сілкінісі сезілді. Алдын-ала мәліметке сәйкес, құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ", - деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны