19.01.2009, 10:05 1491

Қырғызстан мен Қытай шекарасында қуаты 5 балл жер сілкінісі болды

Қырғызстан мен Қытай шекарасында қуаты 5 балл жер сілкінісі болды

Бішкек. 19 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан мен Қытай шекарасында қуаты 5 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстан ҰҒА Сейсмология институтының мәліметінше, кеше, 18 қаңтарда сағат 02.08-де қуаты 5 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында болған.

"Қырғызстанның Нұра ауылында қуаты 4,5 балл және Сары-Таш ауылында - 3 балл жер сілкінісі тіркелді. Қырғызстан ТЖМ алдын-ала мәліметінше, құрбан болғандар мен қираған ештеңе жоқ", - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны