14.02.2011, 18:10 4206

Қырғызстанда 5,5 балдық жер сілкінісі болды

Қырғызстанда 5,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бішкек. 14 - ақпан. Kazakhstan Today - Қырғызстанда 5,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қырғызстанның Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының хабарлауынша, 14-ақпан күні сағат 01.12 күші 5,5 балдық жер сілкінісі болған. Кіндігі Ош облысындағы Нұра аулының оңтүстік-батысынан 10 шақырым жерде және Ош облысының орталығы Ош қаласының оңтүстік шығысынан 135 шақырым жерде орналасқан.

Сейсмологтардың ақпараттарына сүйенсек, Нұра аулында 4-5 балдық, Эркештам аулында - 4 балдық, Сары-Таш аулында - 3,5 бал, Сопу-Қорған аулында - 3 балдық жер сілкінісі тіркеген.

Алдын ала берілген мәліметтерге сүйенсек, зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны