10.06.2010, 17:24 2983

Қырғызстанда 6 балдық жер асты дүмпуі тіркелді

Оның айтуынша, жер асты дүмпуінің ошағы Қытайда болған.

Алматы. 10-маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Қырғызстанда жергілікті уақыт бойынша 12.38 жер асты дүмпуі тіркелді. Ош облысының жекелеген аудандарында жер асты дүмпуі 6 балға дейін жеткен. Бұл туралы ҚР Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының директоры Қанат Абдрахматов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі "24.kg" АА сілтеме жасай отырып.

Оның айтуынша, жер асты дүмпуінің ошағы Қытайда болған.

Сейсмология институтының мәліметтері бойынша, Алай ауданының Сары-Таш аулында жер асты дүмпуі 5 балл шамасында болса, Қызыл-Жар аулында 5-6 балға дейін жеткен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны