19.01.2007, 12:30 2719

Қырғызстанда аса ірі көлемдегі жалған теңгемен Қазақстан азаматы ұсталды

БІШКЕК. 19-қаңтар. Kazakhstan Today. Қырғызстан астанасы Бішкекте бір миллион теңге көлеміндегі жалған ақшамен Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстан ІІМ-нің шұғыл ақпаратына сілтеме жасап.

Мекеме мәліметіне сәйкес, Тараз қаласының 34 жастағы тұрғыны 18-қаңтарда республикадағы ең ірі "Дордой" базарында ұсталды.

Қырғызстанның құқық қорғау органдары жалған ақшалардың кімге арналғанын анықтауда.

Ал журналистер әзірге тәркіленген ақшаның ескі немесе жаңа үлгідегі купюралардың қайсысы екенін біле алмай отыр. Қырғызстан ІІМ-нің баспасөз қызметі бұл сауалға жауап бере алмады, олар ақпаратты кейінірек нақтылауға уәде берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны