31.03.2009, 11:22 3067

Қырғызстанда болған жол апатынан Қазақстанның үш азаматы қаза тапты

Қырғызстанда болған жол апатынан Қазақстанның үш азаматы қаза тапты

Бішкек. 30 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда болған жол апатынан Қазақстанның үш азаматы қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол полициясы басқармасының хабарлауынша, оқыс оқиға Чу облысының Панфилов ауданында болған. Бішкек - Чалдовар тас жолының 70-ші шақырымында Вознесеновка аулының маңында Қазақстан азаматы айдаған "Ауди" көлігі "Форд Маверик" көлігімен соқтығысқан, оның тізгінінде Қара Балта қаласының тұрғыны отырған.

Апат салдарынан көлік жанып кеткен. Көліктің иесі мен ұлы өртеніп кеткен, әйелі ауруханаға жеткізер жолда қайтыс болды, ал үш жасар қызы жан сақтау бөлімінде жатыр.

Көліктің қас-қағым сәтте өртенгені соншалық, маңайында болған адамдар көмек көрсете алмай қалған, деп хабарлайды басқармадағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны