13.02.2008, 15:56 2477

Қырғызстанда браконьерлер Қызыл кітапқа енгізілген 43 тау арқарын өлтірді

Қырғызстанда браконьерлер Қызыл кітапқа енгізілген 43 тау арқарын өлтірді

Бішкек. 13 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда Қызыл кітапқа енгізілген 43 тау арқарды өлтірген браконьерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды агенттік Қырғызстан Республикасының Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Ыстық-Көль облысының Жеті-Оғыз ауданында көліктік ішінде 22 полиэтиленді қап және Қызыл кітапқа енгізілген 43 арқар жануарының еті бар 200 литр көлемді сыйымдылықтың ішінде табылды. Келтірілген шығын көлемі 377 мың 540 сомды құрады ($1 равен 36 сомам)", -деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметінде хабарлағанындай, Қырғызстан Республикасының Бас прокуратурасы Қырғызстан Республикасының қылмыстық кодексінің бабы бойынша қылмыстық іс қозғады (алдын ала келісіліп, заңсыз жасалған аңшылық).

"Сирек кездесетін жануарлардың популяциясына үлкен зиян келтірілді. Республикада мұндай көлемде браконьерлік әлі болмаған. Атып өлтірілген жануарлардың басым бөлігі ұрғашылар. Қазіргі кез - тау ешкілерінің күйлейтін уақыты, сондықтан олардың арасында буаз арқарлардың болуы әбден мүмкін", - деді Ұлттық академия институтының биологиялық -жер институтында.

Бас прокуратураның ақпараты бойынша, қылмыстық тергеуін Қырғызстанның әскери прокуратурасы айналысады, өйткені жаппай арқарларды ату оқиғасына жергілікті шегара бекеті өкілдерінің қатысы болуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны