30.07.2007, 15:52 2935

Қырғызстанда дәрігерлердің кінәсінан жаппай ВИЧ індетін жұқтыру оқиғасы тіркелді

БІШКЕК. 30 - шілде. Kazakhstan Today. Қырғызстанның Ош облысының Ноокат ауданында дәрігерлердің кінәсінан 14 адам ВИЧ індетін жұқтырған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігінде оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнаулы комиссия құрылды. Алдын-ала берілген мәліметтерге сүйенсек, індетті жұқтырғандардың барлығы жергілікті ауруханалардың біріне жүгінген. Науқастардың барлығынан қайталап қан анализі алынды, оның нәтижесі әзірге жарияланбай отыр.

"Ош облысының Ноокатауданының тұрғындарына аталмыш аудан дәрігерлерінің кінәсінан індетті жұқтыру оқиғасы туралы расталған ақпаратқа байланысты Қырғызстан Республикасының президенті әкімшілігінің басшысы Медет Садырқұлов Қырғызстан Республикасының Бас прокуратурасына осы оқиғаға кінәлі тұлғаларды анықтап, оларды жауапқа тарту туралы хат жолдады",- деп хабарлады бүгін мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.

Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігінің басшысына індетті жаппай жұқтыруға түрткі болған себепті анықтап, медицина қызметкелері тарапынан осы тектес немқұрайдылыққа жол бермеуге қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.

Қырғызстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, республикада 1-шілдеге дейін ВИЧ індетін жұқтырған 1233 адам тіркелген. Науқастардың көбісі елдің Ош ауданында тұрады. Соңғы жеті жылда Қырғызстанда қауіпті індетті жұқтырғандар саны бес есеге өскен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны