16.10.2006, 17:51 3358

Қырғызстанда қалалық кеңестің депутатын атып өлтірді

БІШКЕК. 16-қазан. Kazakhstan Today. Қырғызстанның Ош қаласында қалалық кеңестің депутаты, өзбек мәдени орталығының төрағасы Айбек Илімжановты атып өлтірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне ош облыстық ІІБ хабарлады.

Құқық қорғау мекемелерінің ақпаратына сәйкес, А.Илімжанов кеше кешкісін кісі қолынан қаза тапқан. Ош қаласындағы бір кафеде отырған жерінде оған таяп келген белгісіз бір адам оны тура алдан атып жіберген. Депутат жарақат салдарынан дәрігерлер жетіп үлгермей қаза тапты. Оқиға орнынан 9 мм-лік оқ сауыты табылды. Оперативтік қызметкерлердің пайымдауынша, беймәлім қылмыскер дыбыс тұншықтрығышы бар Макаров тапаншасынан атқан.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғаушылардың жорамалына сәйкес, депутаттың өлімі оның коммерциялық қызметіне байланысты болуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны