31.07.2008, 10:33 2797

Қырғызстанда Қазақстандық әйелге қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 16 жастағы бозбала ұсталды

Қырғызстанда Қазақстандық әйелге қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 16 жастағы бозбала ұсталды

Бішкек. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда Қазақстандық әйелге қарақшылық шабуыл жасағаны үшін 16 жастағы бозбала ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәмелеттік жасқа толмаған Бішкек тұрғыны Қарағанды қаласында тұратын әйелге Қырғызстан астанасының дәл орталығында қарақшылық шабуыл жасаған. Ол әйелдің басына бірнеше соққы бағыттап, сосын оның сөмкесін тартып алған.

Қылмыс орнына шұғыл келіп жеткен тәртіп сақшыларының жасағы алысқа кетіп үлгермеген тонаушыны ұстап алды. Жасөспірімнен айғақзат ретінде әйелдің сөмкесі тәркіленіип, қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны