15.02.2010, 15:55 3225

Қырғызстанда кейінгі үш күнде үш жер сілкінісі тіркелді

Қырғызстанда кейінгі үш күнде үш жер сілкінісі тіркелді

Бішкек. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Қырғызстанда кейінгі үш күнде үш жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, соңғы жер сілкінісі бүгін жергілікті уақытпен сағат 02.32-де 4,5 балл қуатпен Қырғызстанның оңтүстігінде тіркелді. "Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Тәжікстанмен шекарада Ош қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 150 шақырымда тіркелген", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Карамык, Кара-Тейит, Жекенди ауылдарында қуаты 4,5 балл, Ош облысының Чон-Алай аудан орталығында - Дароот-Коргон ауылында - 3,5 балл жер сілкінісі сезілді.

Сондай-ақ, сенбіде, 13 ақпанда сағат 10.35-те қуаты 3,5 балл шамасындағы жер сілкінісі Жалал-Абад қаласынан батысқа қарай 33 шақырымда тіркелген. Облыс орталығы мен Базар-Коргон ауылында жер асты дүмпуінің қуаты 3 балл болды.

Сол күні сағат 22.37-де қуаты 4,5 балл жер сілкінісі Тәжікстан аумағында, Қырғызстанның Ош облысының Чон-Алай аудан орталығында - Дароот-Коргон ауылынан 80 шақырымда тіркелді.

"Алдын-ала мәліметке сәйкес, құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпар жоқ", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны