26.02.2007, 17:39 2634

Қырғызстанда көшкін түсу қаупінің туындауына байланысты республиканың оңтүстігі мен солтүстігін жалғайтын тас жол жабылды

БІШКЕК. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Қырғызстанда көшкін түсу қаупінің туындауына байланысты республиканың оңтүстігі мен солтүстігін жалғайтын Бішкек - Ош стратегиялық тас жолы жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қырғызстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараттарына сүйенсек, жол 28-ақпанның 6 сағатына дейін жабық болады. Стратегиялық жолды жабу туралы шешім "материалдық шығындар мен адамдар шығынының алдын алу, сонымен қатар көлік жолдарын пайдалану шарттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету" мақсатында қабылданған.

Қырғызгидрометеоорталығының ескертуіне сәйкес, Қырғызстан Республикасының Ош, Джалал-Абад, Чуйск облыстарының таулы аймақтарында, сонымен қатар Бішкек - Ош көлік жолдарында 26-27 ақпан күндері қар көшкіні түсіп, күн райы кенет өзгереді деп күтілуде. Өткен тәулікте аталмыш тас жолда кемінде төрт рет қар көшкіні болған. Қырғызстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы техникалары жолды тазалауға жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны