02.02.2010, 15:03 3364

Қырғызстанда қуаты 3,5 балл жер сілкінісі болды

Қырғызстанда қуаты 3,5 балл жер сілкінісі болды

Бішкек. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Қырғызстанда қуаты 3,5 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін сағат 02.30-да Қырғызстанның Чуй облысының аумағында қуаты 3,5 балл жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің ошағы Токмок қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 шақырымда және Бішкек қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 70 шақырымда тіркелген.

Токмок қаласындағы сілкініс қуаты шамамен 3 балл болды.

"Алдын-ала мәліметке сәйкес, құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпар жоқ", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны