20.01.2010, 09:45 1835

Қырғызстанда қуаты 5 балл жер сілкінісі болды

Қырғызстанда қуаты 5 балл жер сілкінісі болды

Бішкек. 20 қаңтар. Kazakhstan Today - Қырғызстанда қуаты 5 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Талас облысында 19 қаңтарда сағат 23.35-те қуаты 5 балл болатын жер сілкінісі болды. Сілкініс ошағы Талас қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 50 шақырымда тіркелген. Бақай-Ата ауданының орталығында сілкініс қуаты 4 балл, Таласта - 3 балл құрады.

Алдын-ала мәліметке сәйкес, құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны