30.04.2009, 13:02 3200

Қырғызстанда қуаты 6 балл жер сілкінісі тіркелді

Қырғызстанда қуаты 6 балл жер сілкінісі тіркелді

Бішкек. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда Рихтер өлшемі бойынша қуаты 6 балл жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, бүгін жергілікті уақытпен сағат 00.53-те қуаты 6 балл жер сілкінісі тіркелді. "Жер сілкінісінің ошағы Шатқал қырқасының баурайында, Кашка-Суу ауылынан солтүстік-батысқа қарай 18 шақырымда, Аркыт ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 38 шақырымда, Таш-Кумыр қаласынан солтүстік-батысқа қарай 70 шақырым жерде тіркелген", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны