08.05.2013, 11:39 2472

Қырғызстанда құлаған АҚШ ИИК ұшағы ұшқышының денесі мен "қара жәшігі" іздестірілуде

ТЖМ-нің 30 құтқарушысы Бішкек қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан Шу облысы Чорголу және Чолок-Арык елді мекендерінің арасындағы шатқалда жанармай құйғыш ұшақ құлаған жерде іздестіру жұмыстарын жаңғыртты.

Астана. 8-мамыр. Kazakhstan Today - 3 мамыр күні Қырғызстанның солтүстігіндегі Шу облысында құлаған АҚШ ИИК КС-135 жанармай құйғыш ұшағы ұшқышының денесі мен "қара жәшігі" іздестірілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы BNews.kz тілшісіне республикалық ТЖМ хабарлады.

ТЖМ-нің 30 құтқарушысы Бішкек қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан Шу облысы Чорголу және Чолок-Арык елді мекендерінің арасындағы шатқалда жанармай құйғыш ұшақ құлаған жерде іздестіру жұмыстарын жаңғыртты. Еске сала кетсек, жақында іздестіру жұмыстары Манас әуежайында орналасқан Транзиттік тасымалдау орталығының 376-шы әуеэкспедициялық топ өкілдерімен тоқтатылған болатын. Бұғанға дейін аталмыш ұшақтың 3 мамыр күні сағат 14:55-те апатқа ұшырағандығы туралы ақпарат таратылған еді. Ол Ауғанстаннан Манас әуежайына 60 тонна отын апара жатқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны