03.08.2006, 17:09 2899

Қырғызстанда парламенттің депутатын өлтірген адамға өлім жазасын белігілеу туралы үкім шығарылды

БІШКЕК. 3-тамыз. Kazakhstan Today. Бүгін Қырғызстанның Аламедин аудандық соты ел парламенті - Жогорку кенеш депутаты Тынычбек Акматбевты өлтірген қылмыскерді өлім жазасына кесіп, мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Рустам Абдуллин депутатты өлтірген айыпкер деп танылды. Оның сыбайластары Азамат Закиров пен Евгений Головинге де сот үкімімен өлім жазасы жүктеліп, мүліктері тәркіленді. Осы іс бойынша жауапқа тартылған танымал қылмыскер Изиз Батукаев 16 жыл 8 айға бас бостандығынан айрылып, жазаны қатаң тәртіпті абақтыда өтеп, мүлкі тәркіленетін болды.

Қылмысқа қатысы бар Гусейн Ражапов пен Гамзат Зайнуев те мүлкін тәркілетіп, 20 жылға бас бостандығынан айрылды.

Жогорку кенеш депутаты Тынычбек Акматбевты өлтіруге қатысты іс бойынша жалпы 30-дан астам адам жауапқа тартылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, депутат 2005-жылдың 20-қазанында №31 түзету мекемесіне сапары барысында түрмедегілердің ереуілі кезінде өлім құшқан. Сол кезде дерутатпен бірге болған адамдар, соның ішінде Қырғызстан Республикасының жазаларды жүзеге асыру жөніндегі бас басқармасының бастығы Икматулла Полотов мерт болды.

Қаза тапқан парламентшінің орнына оның інісі Рыспек Акматбаев өз атын ұсынған болатын. Осы жылдың сәуір айында ол №69 Балыкчы округі бойынша қайта сайлауда жеңіске жетті. Алайда Р.Акматбаев мамыр айында қылмыстық қақтығыстар барысында тағы кісі қолынан қаза тапты.

Қырғызстанда 1998-жылдан бері өлім жазасына мораторий жарияланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны