27.12.2006, 13:57 3039

Қырғызстанда жер сілкінісінің салдарынан 6 мыңнан астам үй қирады

БІШКЕК. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қырғызстанның Нарын облысы Кочкорск ауданында жеті баллдық жер сілкінісінің салдарынан 6 мыңнан астам үй қирап қалды. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің солтүстік аумақаралық басқармасының бастығы Джыргалбек Укашев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Д. Укашевтің сөзіне сүйенсек, жер асты дүмпуінен Нарын облысының Кочкорск ауданы ең көп зардап шеккен. Бұл ауданда тұрғын үй құрылыстарының жартысына жуығы әртүрлі деңгейде қираған, тұрғындар арасында құрбан болғандар жоқ.

10 тұрғын үй түгелдей қираған, 500 ден астам үйлер қатты бұзылған. Ауданның әкімшілік ғимараттары да - мәдениет үйі мен екі фельдшерлік -акушерлік бөлімше, бір мектеп пен балабақша айтарлықтай зардап шеккен.

Д. Укашев 3 мың 604 үй, 9 мектеп, 4 әкімшілік ғимарат және де бірқатар басқа құрылыстар жартылай бұзылғандығын айтты.

Қырғызстан Республикасының ТЖМ солтүстік аумақаралық басқармасының бастығы дүмпу салдарына келген шығынның 10 млн. сомнан кем емес екендігін (260 мың АҚШ доллары) атап өтті.

Жер сілкінісі 26 желтоқсан күні түнгі сағат 2-де тіркелген, кіндігі Қырғыстанның Ыстықкөл және Нарын облыстарының шекарасындағы Теріскей-Алатоо тауларында болған. Жер сілкінісінің кіндігіндегі дүмпу күші 7 балл, Бішкекте 4,5 балл болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны