24.12.2007, 17:02 2933

Қырғызстанның магистралды газ құбырын тағы да өрт шалды

Қырғызстанның магистралды газ құбырын тағы да өрт шалды

Бішкек. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның магистралды газ құбыры тағы да өртке оранды. Бұл туралы агенттік тілшімізге "Қырғ -Қаз -Газ" ЖШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, "өрт Қырғызстанның Шу облысының Қант-Тоқмақ учаскесінде шыққан".

"Болжам бойынша, өрт бүгін ауыздақталады. Ал газ құбыры аптаның төртінші немесе бесінше күні қалпына келтіріледі. Апатты жағдайдың пайда болуына құбырдың көнеруі және металдың желінуі себеп болған", - деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Аталған учаскеде осыған ұқсас оқиға үш апта бұрын болған. Апат бір тәулікте ауыздықталды.

"Мәселе газ құбырының көнеруіне байланысты. Қырғызстан арқылы тек бір газ тасымалданатын құбыр тартылғандықтан, ол жоғары режимде жұмыс істейтіні белгілі ", -дейді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны