04.08.2006, 13:45 3172

Қырғызстанның оңтүстігінде 4,5 балл жер сілкінісі болды

БІШКЕК. 4-тамыз. Kazakhstan Today. Қырғызстанның оңтүстігіндегі Ош облысында 4,5 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Қырғызстан ҰҒА сейсмология институтының мәліметіне сәйкес, жер асты дүмпуі 3-тамызда 22 сағат 46 минутта тіркелген. Сер сілкінісінің ошағы Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 75 шақырымда болды.

Қырғызстанның Ош облысының Алай ауданының орталығы - Гульча ауылында 4 балл, Суфи-Қорған ауылында 3,5 балл жер асты дүмпулері сезілді. Алдын-ала мәліметке сәйкес, құрбан болғандар мен қираған ештеңе жоқ.

Бұл - соңғы аптада Қырғызстанның оңтүстігінде тіркелген екінші жер сілкінісі. Бұған дейінгі жер сілкінісі 30-шілдеде болды. Оның ошағы Ферғана асуында, Қырғызстанның Тоқтағұл қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 30 шақырымда тіркелді. Сілкініс ошағында 5 балл дүмпу сезілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны