11.06.2009, 10:11 1324

Қырғызстанның оңтүстігінде АН-2 ұшағы апатқа ұшырады, зардап шеккендер жоқ

Қырғызстанның оңтүстігінде АН-2 ұшағы апатқа ұшырады, зардап шеккендер жоқ

Бішкек. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның оңтүстігінде Баткен облысының Қадамжай ауданында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады, зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне Қырғызстанның ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұшақ химикаттармен өңдеп жүріп Таш-Булак жайылымына апатты жағдайда қонды.

"Апатқа ұшақтың қозғалтқышының ақауы себеп болған, ол ОсОО "ВАЛО-ЭЙР" атты Ресей -Қырғыз әуекомпаниясына тиесілі. Екі ұшқыш та зардап шеккен жоқ, олардың жағдайы жақсы", - деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны