06.04.2010, 10:29 3143

Қырғызстанның оңтүстігінде болған лай көшкін электр жалғастыру желісінің бағандары мен телефон байланысы желісінің діңгектерін құлатты

Қырғызстанның оңтүстігінде болған лай көшкін электр жалғастыру желісінің бағандары мен телефон байланысы желісінің діңгектерін құлатты

Бішкек. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Қырғызстанның оңтүстігінде Ош облысының Қарасу ауданында түскен 5 млн текше метр лай көшкін электр жалғастыру желісінің бағандары мен телефон байланысы желісінің діңгектерін құлатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға 2 сәуірде түнде Ката-талдык ауылдық округінің Карасогот ауылы Кочконжар учаскесінде болған. Лай көшкін түсу салдарынан 10 электр жалғастыру желісінің бағандары мен телефон байланысы желісінің 13 діңгегі құлады, сондай-ақ, ауыл ішілік шаруашылық жолы бүлінді.

Көшкін үйлерден 200 метр жерден өткен. "Алдын-ала ақпаратқа сәйкес құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны