07.02.2007, 12:52 2948

Қырғызстанның оңтүстігінде бүгін қуаты 4 балл жер сілкінісі болды

БІШКЕК. 7-ақпан. Kazakhstan Today. Қырғызстанның оңтүстігінде Жалал-Абад облысында бүгін қуаты 4 балл кезекті жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, жер асты дүмпулері 7-ақпанда 8 сағат 30 минутта тіркелген. Сілкініс ошағы Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасында, Ташкөмір қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 20 шақырымда, Үшқорған аулынан солтүстікке қарай 5 шақырымда, Ош қаласынан солтүстік-батысқа қарай 90 шақырымда болған.

Ташкөмір қаласы мен Үшқорған аулында 3 балл шамасында, Майлусуу қаласы мен Қызылжар ауылында 2-3 балл жер сілкінісі тіркелді.

Алдын-ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

"Оңтүстікте жер сілкінісінің көбеюі абайлықты арттыруды талап етеді, таяу уақыттарда болжам дайындалып, ол төтенше жағдайлар министрлігіне өткеріледі",- дейді баспасөз қызметі Қырғызстан ғылым академиясының сейсмология институтының директоры Қанат Ибдірахмановтың сөзін дәйексөз ретінде келтіріп.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны