22.01.2008, 16:16 2759

Қырғызстанның оңтүстігінде көліктің өзенге құлауы салдарынан 8 адам мерт болды

Қырғызстанның оңтүстігінде көліктің өзенге құлауы салдарынан 8 адам мерт болды

Бішкек. 22-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның оңтүстігінде көліктің өзенге құлауы салдарынан 8 адам мерт болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, "қайғылы оқиға Ош облысының Қарасу ауданында болған. Ош - Папан автожолының 75-ші шақырымында адамдар және мал тиелген тікемесі бар көлік көк тайғақ салдарынан көпірден Ақ буура өзеніне құлап түскен".

"Мұздай суға түскен он адамның тек екеуі ғана тірі қалды. Қалғандары суықтан қайтыс болды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны