08.01.2009, 12:18 1470

Қырғызстанның оңтүстігінде қуаты 2-3 балл жер сілкінісі болды

Қырғызстанның оңтүстігінде қуаты 2-3 балл жер сілкінісі болды

Бішкек. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның оңтүстігінде Ош облысының Ош қаласында бүгін сағат 06.28 -де қуаты 2-3 балл жер сілкінісі болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын-ала мәліметке сәйкес, Қырғызстан аумағында құрбан болғандар мен қираулар болған жоқ. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан аумағында Андижан қаласынан оңтүстікке қарай 10 шақырымда және Ош қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерде тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны