16.02.2007, 18:42 3010

Қырғызстанның оңтүстігінде тағы да жер асты дүмпулері сезілді

БІШКЕК. 16-қаңтар. Kazakhstan Today. Қырғызстанның Баткен облысында жер сілкінісі болды, сілкініс ошағындағы дүмпу күші Рихтер өлшемі бойынша 6 балл болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жер асты дүмпуі 8-қаңтар күні 23 сағат 21 минутта тіркелген, жер сілкінісінің ошағы қырғыз-тәжік шекарасында, Түркістан жотасының бөктерінде, облыс орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 90 шақырымда және Сүлікті қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 60-шақырымда болған.

Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағанындай, жер сілкінісі болған ауданға Қырғызстан Республикасының ТЖМ оңтүстік бөлімінің жедел тобы жіберілді. Алдын- ала мәліметтер бойынша қазіргі уақытта қирау және құрбандар туралы мәліметтер жоқ.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2006 жылдың 26 желтоқсанында Қырғызстанның Нарын облысында 7 баллдық жер сілкінісі болған. Жер сілкінісі салдарынан 6 мыңнан астам тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттары қираған болатын, құрбан болғандар жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны