28.02.2007, 16:55 6581

Қырғызстанның парламенті ғимаратының алдында белгісіз біреу өзін өзі өртеді

БІШКЕК. 28-ақпан. Kazakhstan Today. Қырғызстанның парламенті ғимаратының алдында белгісіз біреу өзін өзі өртеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, кезекші бөліміне парламент ғимаратының алдында жалынға оранған адам туралы хабар 27-ақпанда 18 сағат 30 минутта түскен. 40 -45 жастар шамасындағы азиялық текті белгісіз еркек Қырғызстанның Тарихи мұражайы жақтан жүгіріп келіп, республиканың парламенті ғимаратының алдындағы Ленин ескерткішінің жанында құлаған. Зардап шегушіге алғашқы жәрдемді патрульдік милиционерлер көрсеткен, олар өртті өшіріп, жедел жәрдем тобын шақырған.

Ол футболка мен іш киімшең ғана келген. Еркектің футболкасында келесі сөздер жазылған: "Бийлик кайда? Билік қайда?". Сонымен қатар, зардап шегуші былай деген: "Акча жок, чындык жок" (Ақша жоқ, шындық жоқ). Оның өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болмай шықты.

Зардап шегуші қалалық клиникалық аурухананың күйік бөлімшесінің жан сақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлердің сөздеріне сүйенсек, еркектің денесінің тері қабатының 90 пайызы күйген. Халі өте мүшкіл.

Оқиға болған жерге ішкі істер министрінің орынбасары Темірхан Субанов келіп жетті. Оқиға болған жерден зардап шегушінің өртенген киімдері мен жанармай иісі бар 2 литрлік пластик бөтелке тәркіленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны