26.12.2007, 17:43 3102

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ош облысындағы жер сілкінісіне байланысты жоғары дайындыққа көшкен (толықтырылған нұсқа)

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ош облысындағы жер сілкінісіне байланысты жоғары дайындыққа көшкен (толықтырылған нұсқа)

Алматы. 26-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ош облысындағы жер сілкінісіне байланысты жоғары дайындыққа көшкен, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі 24.kg қырғыз ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, төтенше жағдай болған аймаққа осы аумақта алдын ала тексеру жүргізу үшін жедел топ жіберілген. Оның құрамына мониторинг, төтенше жағдайларды болжау департаментінің мамандары, психологтар, құтқарушылар, өртке қарсы қызмет басқармасының өкілдері кірген.

Жер сілкінісінің кіндігі Ош қаласынан 25 шақырымда және Бішкек қаласынан 280 шақырымда орналасқан Ош облысының Алай ауданында болғандығы белгілі. Ондағы дүмпу күші 6-6,5 балл болды.

Бүгін 10 сағат 45 минутта Көк-Бел аулында 6 балл, Қырғыз-Ата, Қара-Баш ауылдарында 6 балл, Ош қаласында 5 балл, Қызыл-Қия ауылында 5 балл, Жалал-Абад қаласында 4 балл, Суфи-Қорған ауылы мен Қарасу қаласында 4 балл жер асты дүмпуі тіркелген болатын.

Алдын ала мәліметке сәйкес, құрбан болғандар мен қираулар туралы мәлімет жоқ, нақты ахуал айқындалып жатыр.

Былтыр дәл осы күні Нарын облысының Қошқар ауылында Рихтер шкаласы бойынша 7 балл жер сілкінісі болып, ауқымды бүліністерге алып келген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны