13.05.2008, 17:36 3189

Қытайда болған жер сілкінісі кезінде қазақстандықтардың зардап шеккендігі туралы әзірге деректер жоқ

Қытайда болған жер сілкінісі кезінде қазақстандықтардың зардап шеккендігі туралы әзірге деректер жоқ

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Сыртқы істер министрлігіне Қытайда болған жер сілкінісі кезінде қазақстандықтардың зардап шеккендігі туралы әзірге мәліметтер келіп түскен жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қытайда болған жер сілкінісі кезінде қазақстандықтардың зардап шеккендігі туралы әзірге хабар түскен жоқ", -деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, кеше 12 мамырда Қытайдың аумағында қатты жер сілкінісі болды.

Сычуань провинциясындағы (Қытайдың оңтүстік батысы) Вэньчуань уезінде болған зілзала жер үстінен 29 шақырым тереңдікте, солтүстік батыста орналасқан Чэнду астанасынан 92 шақырым қашықтықта болған. Оның қуаты Рихтер шкаласы бойынша 7,8 баллға жетті. Зілзала салдарынан коммуникациялар желісі бұзылып, телефон байланысы үзілді.

Вэньчуань уезінің халық саны 111 мың адам. Чэндуда 10 млн жуық адам бар. Қалада ескі ғимараттар бұзылды.

Қатты жер сілкінісі Пекинде де сезіліп онда оның күші 3,9 баллды құрады. Жер сілкісінің дүмпуі Шанхай, Чжэнчжоу, Гонконг, Бангкок, Ханойда сезілді.

Қытай астанасының көптеген ғимараттарында жұмыс тоқтатылып, адамдар ғимараттардың бұзылуынан сескеніп, сыртқа шыққан. Қытайдың метросы өзінің жұмысын тоқтатқан жоқ.

"Синьхуа" ақпараттық агенттігінің мәліметтері бойынша, Сычуань провинциясында болған жер сілкінісінен 11921 адам құрбан болды.

Қытай Халық Республикасындағы ең дүлей жер сілкінісі Пекинге жақын Таншань қаласында 1976 жылы тіркелді. Қала жермен-жексен болып, 242 мың адам үйіндінің астында құрбан болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны