04.11.2011, 10:52 4137

Қытайда көмір шахтасында жарылыс болды

Қытайдың Хэнань провинциясындағы көмір шахтасында жарылыс болып, кемінде төрт адам көз жұмып, 57 жұмысшы қираған үйінді астында қалып қойған.

Алматы. 4-қараша. Kazakhstan Today - Қытайда көмір шахтасында жарылыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ИнтерфаксҚазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қытайдың Хэнань провинциясындағы көмір шахтасында жарылыс болып, кемінде төрт адам көз жұмып, 57 жұмысшы қираған үйінді астында қалып қойған. Бұл туралы британдық Би-би-си телерадиокорпорация мәлімдеді.

Қазір шахтада құтқару жұмыстары жүргізілуде. Жарылыс себебі әзірге белгісіз.

Шахтадағы апат кезінде 75 кенші жұмыс істеп жатқан, оның 14-і сыртқа өздігінен шыға алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны