03.02.2011, 12:23 3980

Қытайда мерекелік от шашулардың салдарынан бес жұлдызды қонақ үй өртеніп кетті

Қытайда мерекелік от шашулардың салдарынан биіктігі 200 метрден асып жығылатын бес жұлдызды қонақ үй өртеніп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 3 - ақпан. Kazakhstan Today - Қытайда мерекелік от шашулардың салдарынан биіктігі 200 метрден асып жығылатын бес жұлдызды қонақ үй өртеніп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қытайдың солтүстік-шығысындағы бес жұлдызды қонақ үйідегі жаңажылдық фейерверктің соңы өртке ұласқан.

Өрт бейсенбіге қараған түні, Ляонин провинциясындағы Шэньян қаласында елдің ай бойынша жыл санауының басталуы мейрамында, халық петардалар мен от шашулар ұшырып тойлауы кезінде, оған Sheraton қонақ үйіне кіретін Dynasty Wanxin кешенді ғимараттарының бірінде басталған.

Жалын санаулы минуттарда ұзындығы 219 метрге жететін екі кешенді ұрғын ғимараттын жалмап үлгерген. Өртті ауыздықтау үшін өрт сөндірушілерге шамамен төрт сағат кеткен.

Аброй болғанда, ешкім жарақаттанған жоқ. Өрт кезінде 50 тұрақты тұрғынды қауіпсіз жерге көшірген.

Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың қаңтар айында ОҚО 14 жастағы жасөспірімнің қос жанары от шашудың салдарынан жарақат алған болатын.

Сондай-ақ, Жамбыл обылысында өткен жылдың желтоқсан айының соңында жаңа жылдық от шашулар жарылып, салдарынан бір жер үй қираған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны