03.01.2013, 14:16 4554

Қытайда метро құрылысында болған апаттан 5 адам қаза тапты

Хабар агенттігінің хабарлауынша, қала әкімшілігі өкілдерінің мәлімдеуінше, құрылыс алаңдарының бірінде бетон платформасы опырылып құлаған. Бір жұмысшы оқиға орнында қаза тапса, қалғандары ауруханада көз жұмған. Қазіргі кезде оқиға орнында тергеушілер апат себептерін анықтауға кірісті. 1995 жылы іске қосылған Шанхай метросы жолдары бүгінгі күні 434 шақырымды құрайды. Бұл әлем бойынша ең ұзын метро.

Астана. 3-қаңтар. Kazakhstan Today - Шанхайда метроның жаңа бағыты құрылысында болған апаттан бес жұмысшы қаза тауып, тағы он сегізі жарақат алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, қала әкімшілігі өкілдерінің мәлімдеуінше, құрылыс алаңдарының бірінде бетон платформасы опырылып құлаған. Бір жұмысшы оқиға орнында қаза тапса, қалғандары ауруханада көз жұмған. Қазіргі кезде оқиға орнында тергеушілер апат себептерін анықтауға кірісті. 1995 жылы іске қосылған Шанхай метросы жолдары бүгінгі күні 434 шақырымды құрайды. Бұл әлем бойынша ең ұзын метро.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны