08.06.2011, 12:12 3258

Қытайда жер сілкінісі болды

ҚХР сейсмологиялық қызметінің хабарлауынша, бүгін таңертең Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 5,3 магнитудалы жер сілкінісі болған.

Алматы. 8 - маусым. Kazakhstan Today - Қытайда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚХР сейсмологиялық қызметінің хабарлауынша, бүгін таңертең Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында 5,3 магнитудалы жер сілкінісі болған.

Жерасты дүмпулері Бейжің уақыты бойынша сағат 9.53 ҚХР ШҰАО Турфан округының Токсун уезінде тіркелген. Зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет әзірге жоқ.

Токсун уезі Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы Үрімшінің солтүстігінде 160 шақырым қашықта орналасқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны