26.12.2012, 18:28 4801

Қытайда жол апатынан 11 бала қаза тапты

Хабар агенттігінің хабарлауынша, жергілікті балабақшаның 4 пен 6 жас аралығындағы 17 бүлдіршіні мінген шағын автобус жол бойындағы тоғанға құлаған.

Астана. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясында жол апатынан 11 бала қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, жергілікті балабақшаның 4 пен 6 жас аралығындағы 17 бүлдіршіні мінген шағын автобус жол бойындағы тоғанға құлаған.

Жергілікті өкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, 3 бала оқиға орнында қаза тапса, ауыр жарақат алған тағы сегізі ауруханада көз жұмды. Полиция апатта өзі аман қалған көлік жүргізушісін қамауға алды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны