28.02.2012, 16:09 4194

Қытайдағы зауыттардың бірінде 13 адам қаза тапты

жарылыс Чжаосянь уезінде болған. Жарылыс салдарынан бір цех түгелдей қирап қалған. Кәсіпорыннан екі шақырым радиустағы ғимараттардың да әйнектері сынып, көршілес үш елдімекеннің тұрғындары жарылыс салдарынан жердің шайқалғанын сезген. Қазір апат орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Апаттың себеп-салдары әзірге белгісіз. Басшылық тергеу амалдарын бастады.

Астана. 28-ақпан. Kazakhstan Today - Қытайдағы зауыттардың бірінде 13 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қытайдың Хэбэй провинциясындағы химиялық кәсіпорында болған жарылыстан кемінде 13 адам қаза тауып, 40-тан астамы жарақат алды, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

Синьхуа агенттігі хабарлағандай, жарылыс Чжаосянь уезінде болған. Жарылыс салдарынан бір цех түгелдей қирап қалған. Кәсіпорыннан екі шақырым радиустағы ғимараттардың да әйнектері сынып, көршілес үш елдімекеннің тұрғындары жарылыс салдарынан жердің шайқалғанын сезген. Қазір апат орнында құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Апаттың себеп-салдары әзірге белгісіз. Басшылық тергеу амалдарын бастады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны