10.04.2013, 12:50 3308

Қыздарды зорламақ болды деп айыпталған күдікті өз-өзіне қол салды

Ақтаудағы тергеу изоляторында кәмелет жасына толмаған қыздардың абыройын төкпек болды деп айыпталған күдікті өз-өзіне қол салды.

Ақтау. 10-сәуір. Kazakhstan Today - Қыздарды зорламақ болды деп айыпталған күдікті өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақтаудағы тергеу изоляторында кәмелет жасына толмаған қыздардың абыройын төкпек болды деп айыпталған күдікті өз-өзіне қол салды.

Аймақтық құқық қорғау орындарындағы ақпарат көзінің хабарлауынша, 50 жастағы еркек терезедегі торға байланған ақ жаймаға асылып қалған.

"Күдікті 3-ақпанда үйдің кіре берісінде кәмелетке толмаған екі қызды зорламақ болды деп айыпталған болатын. Изоляторда екі ай отырған ол өз кінәсін мойындаған жоқ", - дейді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны