08.12.2010, 14:03 3648

Қызылорда мемлекеттік университетінің жатаханасында өрт шығып, екі адам зардап шекті

Қызылорда мемлекеттік университетінің жатаханасының бес қабатты ғимаратында өрт шығып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 8 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Қызылорда мемлекеттік университетінің жатаханасының бес қабатты ғимаратында өрт шығып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт 7 желтоқсан күні сағат 14.40 Төлеби көшесінде орналасқан ЖОО-ның бес қабатты жатақханасының қазандығынан шыққан. Тілсіз жау 18 минуттан кейін өшірілді. Жалын жалпы аумағы 15 шаршы метрді шарпыған.

Өрт салдарынан екі студент уланып, ауруханаға жеткізілді, тағы 115-і қауіпсіз жерге көшірілді.

Тілсіз жау ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 56 адамы мен 8 техникасы, ҚР ТЖМ "ЮРАОСО" Мемлекеттік мекемесінің 4 адамы мен 1 техникасының күшімен 18 минутта ауыздықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны