16.10.2006, 11:21 3188

Қызылорда облысында ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тендердің жеңімпазы бюджет қаржысын жымқырған күдікті деп танылуда

ҚЫЗЫЛОРДА. 16-қазан. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында Қазалы ауданындағы 5 ауылдың тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тендердің жеңімпазы - "Баһадүр" атты жеке меншік компания 3 млн. 795 мың теңге көлеміндегі бюджет қаржысын жымқырған күдікті деп танылуда. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасын шешу үшін жергілікті бюджеттен 12,5 млн. теңге бөлінген. Тендер жеңімпазы су тасимыз деген желеумен автокөліктер сатып алған. Алайда, сараптама қорытындысына жүгінсек, сатып алынған "вакуумдық машиналар ауыз суды тасымалдауға жарамайды", бұл - ассенизаторлық жұмыстарда пайдаланылатын техника. Сонымен бірге осындай автокөлік пен ауыз су тасуға қажетті автокөлік құнының өзара айырмашылығы 422 мың теңгеге тең. Соның салдарынан жеке кәсіпкердің заңсыз тапқан кірісі 3,7 млн. теңгеден асқан.

Компания басшылығының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің алаяқтық жөніндегі 177-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны