12.04.2010, 09:20 1169

Қызылорда облысында автокөлік жолындағы көпір бүлінді

Қызылорда облысында автокөлік жолындағы көпір бүлінді

Астана. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында Шымкент - Самара тас жолының 3-ші шақырымында 11 сәуірде сағат 07.34-те Сырдария арқылы өтетін автокөлік жолындағы көпір жартылай бүлінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Су шайып кету салдарынан қолданыстағы автокөлік жолындағы көпір жартылай бүлінді. Көпәірдегі қозғалыс уақытша тоқтатылып, қозғалыс айналма жол арқылы жүзеге асырылуда. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына "Қазаақавтодор" РМК-ның 20 адамы мен 10 техникасы жұмылдырылған", - деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны