24.10.2011, 11:08 4011

Қызылорда облысында болған көлік апатының салдарынан бес адам мерт болды

Қызылорда облысының "Бесарық-Қандоз" тасжолында болған ірі көлік апатында 5 адам, соның ішінде 3 бала көз жұмып, 4 адам ауруханаға жеткізілген.

Астана. 24-қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында болған көлік апатының салдарынан бес адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылорда облысының "Бесарық-Қандоз" тасжолында болған ірі көлік апатында 5 адам, соның ішінде 3 бала көз жұмып, 4 адам ауруханаға жеткізілген.

Сенбі, 22 қазан күні сағат 14.30 Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, "Бесарық-Қандоз" күрежолының 2-ші шақырымында "КамАЗ" жүк көлігі мен "Фольксваген" автокөлігі соқтығысқан.

Жол апатынің салдарынан "Фольксвагеннің" 25 жастағы жүргізушісі сондай-ақ, оның жолаушылары - 4 жасар екі балдырған, 8 жасар бір бала мен 24 жастағы келіншек тіл қатпастан сол орында мерт болды. Түрлі жарақаттар алған үш жасар екі бүлдіршін мен 53, 57 жастағы екі әйел ауруханаға жеткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны