11.09.2006, 12:35 3181

Қызылорда облысында бұрынғы полиция қызметкерінің үстінен заңсыз мұнай өңдеушілерді қанатының астына алғаны үшін қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today. ҰҚКД Қызылорда облысында бұрынғы полиция қызметкерінің үстінен заңсыз мұнай өңдеушілерді қанатының астына алғаны үшін қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

ҚР ҰҚК-нің хабарлауынша, шілде айында Қызылорда облысында "Құмкөл" кенішіне таяу жерде орналасқан 18 шағын зауыттың заңсыз іс-қызметіне тосқауыл қойылған болатын. Тексеру барысында заңсыз мұнай өңдеуге қатысы бар адамдардың облыстық ІІД-нің бір қызметкеріне қанатының астына алып қорғағаны үшін тұрақты ақша беріп отыру дерегінің беті ашылды. Бұл қызметкер 27-шілдеде ішкі істер мекемесінен өз бетімен жұмыстан шығып кеткен.

Қазір күдікті қылмыстық тексеру мекемелерінен жасырынып жүр. Қызылорда облыстық ҰҚКД күдіктіге іздеу жариялады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны