25.04.2012, 11:09 3374

Қызылорда облысында екі балықшы суға батып кетті

Суға кеткендер ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД-нің су-құтқару қызметі жеке құрамының 4 адамы мен 1 техникасының күшімен іздестіріліп жатыр.

Астана. 25-сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысының Арал ауданындағы Қаратерең елді мекенінің маңындағы кіші Арал теңізінде 21 сәуір күні сағат 15:00-де балық аулап жүрген 41 және 35 жастағы екі ер азамат суға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, суға кеткендер ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД-нің су-құтқару қызметі жеке құрамының 4 адамы мен 1 техникасының күшімен іздестіріліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны