31.03.2010, 10:01 3100

Қызылорда облысында екі жол апатынан екі адам қаза тауып, екеуі зардап шекті

Қызылорда облысында екі жол апатынан екі адам қаза тауып, екеуі зардап шекті

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында екі жол апатынан екі адам қаза тауып, екеуі зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Сырдария ауданында Шаған - Іңкәрдария тас жолында сағат 22.30-да "Мазда" көлігі аударылды.

Апат салдарынан аты-жөні анықталмаған жолаушы оқиға орнында қаза тапты; 39 жастағы жүргізуші мен 41 жастағы тағы бір жолаушы ер адам ауруханаға жатқызылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Шиелі ауданында Шымкент - Самара тас жолының 312-ші шақырымында сағат 14.00-де "Ванхол" және "Сетра" екі жолаушылар тасымалдайтын автобустары соқтығысты.

Апаттан "Сетра" автобусында отырған 30 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты. Осы автобуста отырған тағы жеті жолаушы алғашқы медициналық жәрдемнен кейін сапарларын жалғастырыды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны