30.06.2006, 10:01 7080

Қызылорда облысында геморрагиялық безгекке шалдықты деген күдікпен жасөспірім ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. 30-маусым. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында геморрагиялық безгекке шалдықты деген күдікпен жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Шиелі ауданындағы Бекежанов атындағы ауылда 24-маусымда аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына көмек сұрай келген 14 жасар бозбала өзін кене шағып алғанын жеткізген. Зардап шеккен ұл Шиелі аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. 26-маусымда оған “қырым-конго қанды безгегі” деген алдын-ала диагноз қойылды.

Ауру ошағында облыстық СЭС мамандары жұқпалы аурудың таралуына қарсы профилактикалық шаралар жүргізуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны