29.02.2008, 10:01 644

Қызылорда облысында ішінде 18 адамы бар ТЖМ-нің тікұшағы құлау салдарынан 5 адам құрбан болды

Қызылорда облысында ішінде 18 адамы бар ТЖМ-нің тікұшағы құлау салдарынан 5 адам құрбан болды

Астана. 29 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында ішінде 18 адамы бар ТЖМ-нің тікұшағы құлау салдарынан 5 адам құрбан болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Қызылорда облысының Жалағаш ауылында (Қызылордадан 75 шақырым жерде) 28 ақпанда 15 сағат 30 минутта Сырдария өзенінің арнасын бойлай ұшу барысында Жалағаш ауданының аумағында ҚР ТЖМ-нің "Қазавиаспас" РМК-ның МИ-8Т тікұшағы ішінде 18 адамымен құлады.

"5 адам қайтыс болып, 13 адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", -деп хабарлайды министрлік.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны