28.05.2010, 09:58 1482

Қызылорда облысында қатты дауыл теміржол вокзалының шатырын ұшырып әкетті

Қызылорда облысында қатты дауыл теміржол вокзалының шатырын ұшырып әкетті

Астана. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында болған дауыл Жалағаш ауылындағы теміржол вокзалының шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға 27-мамырда кешкі сағат 16,55-те болды. Кенеттен соққан қатты дауыл теміржол вокзалының бір ғабатты ғимаратының жалпы аумағы 520 шаршы метр шатырын жұлып әкеткен. Құтқарушылардың дерегі бойынша, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қазір оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны