11.06.2008, 09:56 1230

Қызылорда облысында қырым қанды безгегімен ауыру оқиғасы тіркелді

Қызылорда облысында қырым қанды безгегімен ауыру оқиғасы тіркелді

Астана. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында қырым қанды безгегімен ауыру оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы Бірлік ауылында 8 маусымда 17 сағат 30 минутта аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына қырым -конго қанды безгегімен ауырды деген күдікпен 59 жастағы ер адам жатқызылды.

Дәрігерлер консилиумы 10 маусымда диагнозды растады, науқастың жағдайы аса ауыр. Ауру ошағында эпидемияға қарсы шаралар қолданылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны